Қазақ қызы күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақ қызы күрестен әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: olympic.kz

72 килоға дейінгі салмақта белдесетін қазақстандық балуан қыз Жәмила Бақбергенова Ослода өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.

Ширек финалда франциялық балуан Ванесса Весканнан 2:10 есебімен жеңіліп жатып, 10:10 есебімен жеңіске жетті. Жәмила соңғы әдісті жасағаны үшін француз балуанынан басым түсті. Ал жартылай финалда түрік балуаны Бусе Тосунды 13:2 есебімен жеңді.

Күміс – қолда, алтын – жолда. Финалдағы белдесу ертең өтеді. Отандасымызға сәттілік тілейміз! Қарсыласы – жапон Масако Фуричи.

Қазақстандық балуан қыз 2012 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты. 2012 жылы Гузел Манюрова финалда жеңілген еді.

Н. Үсенова