Қуат Хамитов AMC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Қуат Хамитов AMC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Фото ©️ ©instagram.com/fightnights

Аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Сочиде өткен AMC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде бақ сынап, ресейлік Мариф Пираевқа есе жіберді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек жоспарланған 3 раундқа созылып, жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Екі спортшы да жойқын соққы, ерекше әдіс пен айла жасап жұрт назарын аударған жоқ. Бірсыдырғы өткен шайқаста аз да болса қарсыласының мысы басым болды.

Қуат Хамитов мансабында 8-ші рет жеңілді. 21 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 1 рет тең түскен.