Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Отандастарымыз 1/8 финалда Таиланд құрамасын 7:0 есебімен ойсырата ұтты. 

БӨЛІСУ

Каунаста өткен ойында Қазақстан құрамасы сапында Дәурен Тұрсағұлов (3 минут), Дуглас (4 минут), Дәурен Нұрғожин (24 минут), Тайнан (24 минут), Арнольд Кнауб (32 минут) және Игита (38 минут) гол соқты. Бір голды 19 минутта Чайват Джамграджанга өз қақпасына енгізіп алды. 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына алғаш рет шықты. Тарихи жетістік. 2016 жылы 1/8 финалда Испания құрамасына жол беріп, ширек финалға өте алмаған еді.

1/4 финалда Өзбекстан және Иран құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Бұл екі команда арасындағы ойын 24 қыркүйекте өтеді. 

Айта кетейік, қазақстандық футзалшылар "А" тобында бақ сынап, Коста-Рика және Литваны ұтқан еді. Венесуэламен тең түсіп, топтан бірінші орынмен шықты.