26 қыркүйекте Алматы қаласы жолдарының бір бөлігі жабылады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
26 қыркүйекте Алматы қаласы жолдарының бір бөлігі жабылады
Фото ©️ massaget.kz

"Алматы марафонының" ұйымдастыру комитеті қала тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатындығы туралы хабарлайды.

БӨЛІСУ

Марафон қашықтықтарының өту жерлерінде 25 қыркүйек сағат 6:00-ден 26 қыркүйек 18:00-ге дейін жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады. Спортшылардың қашықтықтан өтулеріне сай жолдар ашылады.

Сөре орны Ресупблика алаңында болғандықтан, Сәтпаев көшесі 25 қыркүйек сағат 9:00-дан 26 қыркүйек 18:00-ге дейін Желтоқсан көшесінен Наразбаев даңғылына дейінгі жол қозғалысы толықтай жабылады.

26 қыркүйек:

Назарбаев даңғылы бойында Сәтпаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін толықтай жабылады.

Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 09:30-ға дейін толықтай жабылады.

Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшісіне дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін жартылай жабылады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Әл-Фараби даңғылы бойында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай жабық болады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесі бойында Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай ашық болады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылы  бойында Саин көшесінен Байтұрсын көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін жартылай жабық болады, көшенің солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Байтұрсынов көшесі бойында Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.

Сәтпаев көшесі бойында Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Сәтпаев көшесі бойында Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.

Байзақов көшесі бойында Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Тимирязев көшесі бойында Шашкин көшесінен Байзаков көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Шашкин көшесі бойында Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Деректер жүгіруге қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

Республика алаңына көлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1.     Желтоқсан көшесі бойымен оңтүстікке Сәтпаев көшесіне дейін
2.     Сәтпаев көшесі бойымен батысқа Назарбаев даңғылына дейін
3.     Назарбаев даңғылы бойымен оңтүстікке Сәтпаев көшесіне дейін
4.     Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағынан Нұрлы-Тауға дейін және алаңға жаяу бару
5.     Абай даңғылы бойымен батысқа Желтоқсан көшесіне дейін
6.     Шевченко және Құрманғазы көшелері бойымен Желтоқсан көшесіне дейін
7.     "Абай" станциясына дейін метро арқылы

Естеріңізге салып кетейік, 26 қыркүйек күні оныншы мерейтойлық "Алматы марафоны" өтеді. Спорт әуесқойларына келесі қашықтықтар берілген: 10 км, 21,1 км, 42,2 км, Экиден командалық эстафетасы, 10 км скандинавиялық жүріс. Қатысушылардың жас мөлшері: 10 км және 10 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан бастап, 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарына – 18 жастан бастап, Экиден командалық эстафетасына – 16 жастан бастап.

Сөре уақыты:

07:30 – 42,2 км және Экиден
07:40 – 21,1 км
07:55 – 10 км
08:10 – 10 км скандинавиялық жүріс

Алматы жартылай марафонының ұйымдастырушылары: "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қоры, "World Class Almaty" фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.