Месси Пеленің рекордын жаңартты

Месси Пеленің рекордын жаңартты

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы ойында Боливияны 3:0 есебімен ұтты. Кездесудегі үш голды да Лионель Месси соғып, футбол патшасы Пеленің рекордын жаңартты.

Лионель Месси ұлттық құрама сапында соққан голдар санын 79-ға жеткізді. Нәтижесінде Оңтүстік Америка құрлығындағы құрамалардың үздік сұрмергендер көшін бастады. Осыған дейін бұл көшті әйгілі бразилиялық футболшы Пеле бастап келген еді. Ол 91 ойында 77 гол соққан. Ал Месси 79 гол соғу үшін 153 ойынға шыққан.

Аргентина құрамасы іріктеу кезеңінде екінші орында келеді. Көш басында – Бразилия.