39 жыл комада жатқан футболшы көз жұмды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
39 жыл комада жатқан футболшы көз жұмды
Фото ©️ Fox news

Француз футболшысы Жан-Пьер Адамс 74 жасында қайтыс болды. Бұл туралы The Mirror басылымы хабарлады.

БӨЛІСУ

Жан-Пьер Адамс өмірінің 39 жылын комада өткізді. Осы уақыт аралығында оған әйелі Бернадетт Адамс қамқор болды. 39 жыл бойы күйеуінің жанынан бір елі ұзамай, фото немесе видеоға мүлде түсіртпеген. Эвтаназия жасауға қарсы болған.

Футболшы мұндай жағдайға дәрігердің салғырттығынан тап болған. Жан-Пьер Адамс 1982 жылы 17 наурызда тізесіне ота жасату үшін Лиондағы клиникаға барады. Ол кезде қалада хирург деген мүлде тапшы, бір мезетте бірнеше адамды операция жасауға тура келеді. Спортшыны емдейтін дәрігер (жанында тәжірибесіз жас көмекшісі бар) қатты қателесіп, ота шарттарын дұрыс орындамайды. Ауыз қуысына түтікті дұрыс орнатпайды, соның кесірінен өкпе вентиляциясы бұзылады, сырқат жүрек талмасына ұшырайды, миына да кері әсер етеді. Нәтижесінде футболшының миының біраз бөлігі қайта қалпына келмей қалады да, Жан-Пьер мәңгі қозғалыссыз жатып қалады. Осылайша ол үшін өмір 1982 жылы тоқтап қалған.

Жан-Пьер Адамс "Ницца" және "ПСЖ" клубтарында ойнаған. Франция ұлттық құрамасы сапында 22 ойын өткізген.