2032 жылы Олимпиада Брисбенде өтеді

Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) 2032 жылы жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындары өтетін елді анықтады. Жарыс Аустралияның Брисбен қаласында өтетін болды.

11 жылдан кейін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізетін ел Токиода өтіп жатқан ХОК-тың 138-ші отырысында ресми түрде хабарланды. Брисбен бәсекені өткізуге өтініш берген жалғыз үміткер де болатын. Сондықтан көп талас та болған жоқ. 

Олимпиада ойындары Аустралияда үшінші рет өтпек. Алғаш рет 1956 жылы Мельбурнде болса, 2000 жылы Сиднейде ұйымдастырылған еді.

Айта кетейік, 2024 жылы Олимпиада Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтеді.