Самбо Олимпиадалық спорт түрі қатарына қосылды

Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) Токиода өтіп жатқан 138-ші сессиясы кезінде 6 спорт түрін Олимпиадалық спорт түрі деп таныды. Ол қатарда самбо да бар.

ХОК Халықаралық самбо федерациясын (FIAS), Халықаралық чирлидинг одағын (ICU), Халықаралық муай-тай федерациясын (IFMA), Халықаралық айсштокспорт федерациясын (IFI), Бүкіләлемдік кикбоксинг ассоциациясы ұйымын (WAKO) және Бүкіләлемдік лакросс федерациясын (WL) қолдады.

Олимпиадалық спорт түрі қатарына қосылған самбо қазақ спортшылары мен жанкүйерлеріне таңсық емес. Самбо - басқа жекпе-жектің ең жақсысын сіңірген спорт түрі - Кеңес Одағында өткен ғасырдың 30-жылдарында құрылды және дамыды. Қазақстанда «қарусыз өзін-өзі қорғау» деп аталатын самбо 1950 жылдары дами бастады, ал 1960 жылы самбо қазақстандық спорт пен жеңіл атлетиканың бағдарламасына енгізілді.

Самбо Қазақстанда сәтті дамыды. 2005 жылы Астанада тарихта тұңғыш рет спорттық самбодан әлем чемпионаты өтті. 2014-2015 жылдары Алматыда Әлем кубогының кезеңі өтті. Қазақстандықтар халықаралық аренада жақсы өнер көрсетіп, әлем және Азия чемпиондары атанды.