Қанат Исламның кезекті қарсыласы анықталды

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент
Қанат Исламның кезекті қарсыласы анықталды

Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, бүгінде мұхит асып Америка жерінде «Нельсон» проумоутерлік компаниясымен келісім-шартқа отырған жерлесіміз Қанат Исламның кезекті қарсыласы анықталды. Бұл туралы «Аламан» спорт порталы хабарлайды.

БӨЛІСУ

Қанат Исламның келесі кездесуі 15 желтоқсан күні Доминикан Республикасының Ла Романа қаласында өтеді. Бұл кездесуде Қанатқа қарсы шаршы алаңға эквадорлық Хумберто Толедо есімді былғары қолғап шебері шығады. 33 жасар Толедо осы уақытқа дейін кәсіпқой бокстың рингіне 51 мәрте шығып, оның 41-інде жеңіске жетсе, 8 кездесуінде эквадорлық жігіт жеңілістің кермек ащы дәмін татқан екен.

Ал Қытай жерінен Отанына оралып, Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына қатыса алмай, АҚШ-қа кеткен Қанат Ислам кәсіпқой бокстың шаршы алаң төріне жеті мәрте көтеріліп, жетеуінде де сенімді жеңіске жеткен.

Айта кетейік, кәсіпқой бокста отандасымыз Ислам чемпиондық атаққа таласу үшін кем дегенде он кездесуде жеңіске жетіп, үздік 30 былғары қолғап шеберінің қатарына кіру керек. Сонда ғана чемпиондық атаққа Қанат таласа алатын болады.  

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: news.ivest.kz