Федерер: "Мені Месси мен Марадоннамен салыстыруға болмас!"

Федерер: "Мені Месси мен Марадоннамен салыстыруға болмас!"

Әлемнің екінші ракеткасы Роджер Федерер спорттағы жетістіктерін Аргентинаның қос жұлдызы Лионель Месси мен Диего Марадонна жеткен жетістіктермен салыстыруға болмайтынын айтыпты.

"Мені Месси мен Марадоннамен бір қатарға қоюға болмайды. Әрине, солардың қатарына қойып жатса, қуаныштымын! Марадонна футбол тарихында өшпес із қалдырып кетті. Ал Месси екеуміздің жағдайымыз мүлдем басқа. Екеумізге әлі көп нәрсеге қол жеткізу керек" - деп Федерер ағынан жарылыпты.

"Біз Месси екеуміз жақсы жігіттердің жетістікке жете алатынын дәлелдей алдық. Және осы арқылы өмірге қанат жая түсеміз",- деп Роджер қоса кетіпті.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Федерер Оңтүстік Америкадағы көрмелік ойында Хуан Мартин дель Потромен ойнаған болатын. Айта кетсек, ойын 3:6, 6:3, 6:4 есебімен Мартиннің пайдасына шешілген-ді. 

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига