Құрбан Бердыев "Қайратта" қызмет атқарады

68 жастағы білікті маман Құрбан Бердыев "Қайрат" футбол клубында бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевтың кеңесшісі қызметін атқарады. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Маман үш бағытта жұмыс істейді: негізгі құрам, клуб академиясы және "Қайрат-Мәскеу" жобасының жұмысын сүйемелдеу және кеңес беру.

Жұмыс аралас режимде болады. Оқу-жаттығу кездесулері мен семинарларын өткізу үшін Алматыға тұрақты келу және онлайн форматта. Бүгін академия жаттықтырушылар құрамымен алғашқы кездесу өтіп, оның барысында U14 және U15 академия командаларының жаттығу процесіне талдау жасалды, - деп жазылған ресми хабарламада.

Айта кетейік, Құрбан Бердыев 1991 жылы Мәскеудегі жоғары жаттықтырушылар мектебін бітіріп, екі жыл "Қайрат" бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарған. 1994-1995 жылдары Алматы клубының бас бапкері болды.

 



Бөлісу: