Қазақстан ауылдарына қашан интернет толық тартылады?

Қазақстан ауылдарына қашан интернет толық тартылады?

Қазақстандағы ірі ауылдардың бәріне 2022 жылдың соңына дейін интернет толық тартылады. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәжіліс отырысында осылай деп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір елде интернетсіз отырған мыңнан астам ауыл бар. Кейбірінің ғаламторы өте нашар.

1200 ауылда ғаламтор мүлде жоқ. Одан бөлек, 510 ауылдың интернет сапасы өте нашар. 2022 жылдың соңына дейін осы 500 ауылға сапалы интернет орнатуды көздеп отырмыз. Бірақ халқы 50 адамнан аспайтын ауылдарға кең жолақты интернет тарту қарастырылмаған, - деді министр.

Баяндама барысында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин ауылға ғаламтор тарту ісін толықтай бітіруді тапсырды.

Сізге өтініш, Бағдат Батырбекұлы. Жалпы салада атқарылатын жұмыстардан лайықты нәтиже шығарыңыз. 2012 жылдан бастап есептесек, 100 пайыз ғаламтормен қамту жоспарына келесі жылы 10 жыл болады екен. Сондықтан 2022 жылы нәтиже күтеміз. Бізден қандай көмек керек, заңнама бойынша қолдауға дайынбыз, - деді Нұрлан Нығматуллин.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді