Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар жүзеге асты?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы жолдаған Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керегін, сонымен қоса, әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажеттігін айтқан болатын. Қазіргі таңда Жолдаудағы спорт және балалардың шығармашылығын жетілдіру үшін үйірмелерді ашу бойынша тапсырмалар орындалды. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Strategy2050.kz.

Спортпен айналысатындар саны 6 млн-ға жуықтады

Дене шынықтыру пен бұқаралық спортты дамыту жөнінде 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 5,9 млн адамға жетті, оның 560 908-і – балалар мен жасөспірімдер.

127 703 спорт секциясы, балалар мен жасөспірімдерге арналған 477 спорт мектебі, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің 686 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді.

Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің желісі кеңейтілді.

Білім берудің барлық деңгейінде дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті комоненттер енгізілді. Әрбір ауылдық округ үшін спорт жөніндегі 3 000 нұсқаушы белгіленді.

Мемлекеттік қолдаудың жаңа институты енгізілді

Сонымен қоса, президент өз Жолдауында «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді» деп те айтқан болатын. Осы бағытта да шаралар қолға алынып, жүзеге асөан.

Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыру арқылы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және спорттық әлеуетін арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың жаңа институты енгізілді.

2021 жылдың 1 мамырынан бастап мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс жүзеге асырылады.

2021 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға 2,4 млрд теңге спорттық тапсырысты іске асыруға 3,7 млрд теңге бөлу көзделген.

2021 жылы республика бойынша, жан басына шаққанда 23,5 мың шығармашылық үйірме және 1029 спорт секциясы қаржыландырылады. Онда шамамен 43,3 мың бала спортпен және шығармашылықпен тегін айналысатын болады (шығармашылық үйірмелерде – 23,5 мың бала, спорт секцияларында – 21 548 бала).



Бөлісу: