Үндістаннан коронавирустың тағы бір штамы шықты

Үндістанның Шығыс Бенгалия штатынан коронавирус инфекциясының тағы бір штамы пайда болды. Мұны Геномика және интегративті биология институтының мамандары анықтады.

"SARS-CoV-2 вирусының жаңа бір линиясы пайда болды. Тек Үндістанға ғана тән E484K сынды генетикалық нұсқа. Негізгі нұсқадан шамалы айырмасы бар", - деп жазды институт қызметкері Винод Скария в Twitter желісінде.

Айта кеткен жөн, Үндістанда осымен коронавирустың екінші штамы анықталып отыр. Бұған дейін 2020 жылы қазанда B.1.617 штамы шыққан еді. Енді бұл қатарға тағы біреуі – B.1.618  қосылды. Екеуі де Шығыс Бенгалия штатынан шықты.

Кей деректерге қарағанда, бұл штамм АҚШ, Швейцария, Сингапур мен Финляндияда тараған коронавирус мутацияларына ұқсас.



Бөлісу: