Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада лицензиясын иеленді

Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада лицензиясын иеленді

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында еркін күрестен Олимпиада ойындарына жолдама турнирі өтіп жатыр.

Аталмыш турнирде еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Юсуп Батырмұрзаев Азия іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Отандасымыз 125 келіге дейінгі салмақта ширек финалда кореялық Ким Донгхванды ұтса, жартылай финалда үндістандық Самитты қапы қалдырды.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 48 олимпиада лицензиясы бар. Бұған дейін грек-рим күресінен қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов пен Татьяна Аманжол-Ахметова олимпиадаға жолдама алған болатын.

Т. Раушанұлы