Жанат Жақиянов кезекті жеңісіне жетті

Жанат Жақиянов кезекті жеңісіне жетті

Кәсіпқой бокста жеңіл салмақ бойынша өнер көрсететін (53,5 килограмға дейінгі) қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қытайдың Гонконг қаласында өткен кездесуде 24 жасар Жанат қарсылысы индонезиялық боксшы Эрик Диас Сирегарды екінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Бұл жерлесіміздің 20 кездесуіндегі 19-жеңісі (12 нокаут) болып отыр. 

Естеріңізге салсақ, Жақиянов өз мансабы жолында тек тәжікстандық Сахиб Усаровтан ғана жеңілген. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: megapolis.kz

Б. Қосмағамбет