Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың 2021 жылғы 26 ақпандағы бұйрығымен Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді.

Бұйрыққа сәйкес Ұлттық спорт түрлерінің тізбесіне аударыспақ, асық ату, бәйге, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік және тоғызқұмалақ енген. Бұйрықтың толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық спорттың кей түрлерін мектеп бағдарламасына енгізу туралы айтылған болатын.