Шведова үздіктер қатарында

Шведова үздіктер қатарында

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова WTA рейтингісінің жаңартылған нұсқасында 29-сатыға орналасты. Бұл қазақстандық теннисшілердің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

10 желтоқсандағы WTA жаңартылған тізімінде үздік жүздіктің қатарында Галина Воскобоева бар. Ол апта қорытындысы бойынша 82-сатыға орныққан. Тағы бір отандасымыз Ксения Первак кестеде бір саты жоғарылап, 104-орыннан 103-орынға көтерілген екен.

Ал  керісінше екінші жүздікте Юлия Путинцева бір саты төмен сырғып, 107-орынға түссе, Сесиль Каратанчева 111-орнын сақтап тұр.

Зарина Дияс болса, 264-орында. Анна Данилина 343-сатыда.

Жалпы WTA кестесін бұл аптада беларусь қызы Виктория Азаренка бастап тұр. Екінші орында орыс қызы Мария Шарапова болса, үшінші орынға Серена Вильямс жайғасқан. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет:  sports.ru

Л. Лига