Қазақстанда биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді

Бүгін Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) техникалық комитеті мен басқарма мүшелерінің арнайы отырысы өтті. Жиын барысында алдағы уақытта өтетін бәсекелер кестесі қаралды.

Атқарушы комитет 2022-2024 жылдары өтетін әлем Кубогы, IBU Кубогы, Еуропа ашық чемпионаты, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Кубок пен Әлем чемпионаты өтетін жерді анықтады. Осылайша биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 2023 жылы 4-12 наурыз аралығында Қазақстанның Щучинск қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.

Щучинск қаласындағы шаңғы-биатлон базасы 2018 жылы ашылған. IBU тарапынан сертификаттаудан өткен және халықаралық жарыстарды өткізу үшін "А" санатын алған толыққанды кешен болып саналады.