Жәнібек Әлімханұлы жарақат алып қалды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Жәнібек Әлімханұлы жарақат алып қалды
Фото ©️ @janibekalimkhanulyteam

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жарақатына байланысты 27 ақпан күні Алматыда өтетін бокс кешіне қатыспайды. Бұл туралы боксшының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.

БӨЛІСУ

Құрметті жанкүйерлер! Өкінішке орай 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсете алмайтын болдық. Жаттығу барысында Жәнібек жарақат алып қалды.

Құдай қаласа барлығы дұрыс болса, көктемнің соңы жаздың басында QAZAQ STYLE-ды рингтен көретін боласыздар!

Жеңісте қуанған СІЗДЕРдің қиындықта да қолдайтындарыңызды білеміз! Біз сіздермен бірге әлі әлемді шулатамыз, бұйыртса! – деп жазды.

Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда WBO Global және WBC Continental Americas екінші дәрежелі белбеуіне ие.

Қазақстандық боксшы соңғы рет 2020 жылдың қазан айында шаршы алаңға шыққан. Аргентиналық боксшы Гонсало Корионы екінші раундта нокаутпен жеңген еді.