Садриддин Ахмедов Мексикадағы бокс кешінде жеңіске жетті (видео)

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Садриддин Ахмедов Мексикадағы бокс кешінде жеңіске жетті (видео)
Фото ©️ Eye of the Tiger Management©

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов Мексиканың Куэрнавака қаласында өткен бокс кешінде нидерландылық Стивен Даньоны жеңді.

БӨЛІСУ

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін созылды. Садриддин қарсыласына мықтылығын мойындатып, төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіске жетті. Кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жекте үш бірдей чемпиондық белбеу бәске тігілген. Жеңіске жеткен отандасымыз бірінші орта салмақта WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулерін иеленді.

Садриддин Ахмедов Мексикада алғаш рет жекпе-жек өткізді. Осыған дейін 10 рет Канадада, 1 рет Қазақстанда шаршы алаңға шыққан.