Мюллер:"Мессидің жалғыз-ақ кемшілігі бар"

Мюллер:"Мессидің жалғыз-ақ кемшілігі бар"

Әлемге әйгілі неміс футболшысы Герд Мюллер кезінде өзі орнатқан рекордты бұзған Мессидің жетістігін қуанышпен қарсы алыпты.

"Месси еңбегіне лайық менің рекордымды бұза алды. Өз кезегінде айтарым, біріншіліктегі ойында бұдан да артық гол соғуға болады", - деп Мюллер ағынан жарылған.

"Менің рекордым 1972 жылдан бері қырық жыл бойына сақталып келді. Мен ол уақытта 60 ойында 85 гол соққан едім. Енді міне, әлемнің ең үздік ойыншысы сол бір көрсеткішті жаңартты. Мессидің бұл қуанышына ортақпын. Ол сөзсіз мықты ойыншы, алып! Сонымен қатар Месси жылы шырайлы, қарапайым жігіт. Мен ол жігіттің 2012 жыл біткенше тағы да бірнеше гол соғатынына сенемін. Оның бұл рекорды 40 жыл бойына сақталсын!" - деп әйгілі неміс ойыншысы ішкі ойын іркіп қалмаған.

"Мессидің жалғыз-ақ кемшілігі бар - "Бавария" командасында ойнамайтындығы" - деп сөз аяғында қалжыңдай кетіпті.

сурет:inopressa.ru

Дайындаған:Фараби Арыстанбек

Л. Лига