Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Головкинді жеңіске жетуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Головкинді жеңіске жетуімен құттықтады
Фото: The Sun

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Геннадий Головкинді орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады. 

"Геннадй сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады!", - деп жазды президент Twitter-парақшасында

GGG бүгін АҚШ төрінде польшалық Камил Шереметаға қарсы жұдырықтасты. Холливудта өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі 12 раундқа жоспарланған еді. Қазақстандық боксшы шаршы алаңдағы шайқасты 7 раундпен аяқтады. Қарсыласы жұдырықтасу үшін 8 раундқа шықпады.

Геннадий Головкин 21-ші рет чемпиондық атағын сәтті қорғап, әйгілі Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Америкалық боксшы өз рекордын 1995-2005 жылдары орнатса, Гена бұл межені одан 2 жыл ерте (2010-2018) бағындырып шыққан еді.

Айта кетейік, Холливудтағы бокс кешінде қазақстандық Али Ахмедов те шаршы алаңға шыққан болатын. Эквадорлық боксшы Карлос Гонгорадан жеңіліп, чемпиондық атаққа қол жеткізе алмады. 

А. Рысдәулет