Мейірім Нұрсұлтанов Екатеринбургтегі бокс кешінде жеңіске жетті

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Мейірім Нұрсұлтанов Екатеринбургтегі бокс кешінде жеңіске жетті

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз Екатеринбургте өткен бокс кешінде ресейлік Илья Баландинге мықтылығын мойындатты.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек жоспарланған 8 раундқа жалғасты. Қарсыласынан қарымды екенін байқатқан Мейірімді төрешілер бірауыздан жеңімпаз деп таныды.

Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы барлық жекпе-жектерінде  жеңіске жетіп келеді. Ал Илья Баландин болса төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Мейірім рингке шықпағалы 1 жылға жуық болған. Ең соңғы рет өткен жылдың қарашасында жұдырықтасқан.