Шымкентте бокстан ерлер және әйелдер арасындағы ел чемпиондары анықталды

Шымкентте бокстан ерлер және әйелдер арасындағы ел чемпиондары анықталды

Шымкент қаласында бокстан Қазақстан чемпионатында тартысты жекпе-жектің бірі 81 кг салмақта маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулет пен елордалық Нұрбек Оралбайдың арасында болды.

Б. Нұрдәулет 2019 жылғы әлем чемпионы болса, 20 жастағы қарсыласы да осал емес. Н.Оралбай жастар арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған еді. Бұл бәсекеде бес төреші түгелдей жеңісті Бекзатқа берді. Б.Нұрдәулет жекпе-жектен кейінгі сұхбатында елімізде жас боксшылардың қаулап өсіп келе жатқанын жеткізді.

57 кг салмақта тартысты жекпе-жекте павлодарлық Серік Теміржанов ақмолалық Оразбек Асылқұловты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

60 кг салмақта финалда маңғыстаулық Саматәлі Төлтаев пен шығысқазақстандық Бекнұр Ожанов жұдырықтасты. Мұнда С.Төлтаевтың мерейі үстем болды.

Ерлер арасында:

49 келі:

1 орын. Даниял Сәбит (Батыс Қазақстан облысы);

2 орын. Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы);

3 орын. Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы) және Бекзат Амангелдинов (Павлодар облысы).

52 келі:

1 орын. Махмуд Сабырхан (Шымкент);

2 орын. Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы);

3 орын: Дамир Әбдіқадір (Алматы облысы) және Олжас Байниязов (Атырау облысы).

57 келі:

1 орын. Серік Теміржанов (Павлодар облысы);

2 орын. Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы);

3 орын. Бейбарыс Жексен (Жамбыл облысы) және Талғат Сырымбетов (Қарағанды ​​облысы).

60 келі:

1 орын. Саматәлі Толтаев (Маңғыстау облысы);

2 орын. Бекнұр Ожанов (Шығыс Қазақстан облысы);

3 орын. Василий Самчук (Қарағанды ​​облысы) және Ілияс Сүлейменов (Нұр-Сұлтан)

63 келі:

1 орын. Ертуған Зейнуллинов (Алматы облысы);

2 орын. Ерсұлтан Бұлат (Ақмола облысы);

3 орын. Ділмұрат Мижитов (Алматы) және Закир Сафиуллин (Шымкент).

69 келі:

1 орын. Аблайхан Жүсіпов (Қарағанды ​​облысы);

2 орын. Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы);

3 орын. Қуан Қуатов (Павлодар облысы) және Аятулла Такижанов (Павлодар облысы).

75 келі:

1 орын. Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы);

2 орын. Нұрқанат Райыс (Атырау облысы);

3 орын. Ермахан Жақпеков (Шығыс Қазақстан облысы) және Аман Қазанғапов (Жамбыл облысы).

81 келі:

1 орын. Бекзад Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы);

2 орын. Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан);

3 орын. Бекболат Әбдікерім (Түркістан облысы) және Бауыржан Байгоншеков (Павлодар облысы).

91 келі:

1 орын. Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан);

2 орын. Сағындық Тоғамбай (Нұр-Сұлтан);

3 орын. Нұрлан Сабиров (Маңғыстау) және Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы).

91 келіден жоғары:

1 орын. Қамшыбек Күнқабаев (Қызылорда облысы);

2 орын. Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы);

3 орын. Дамир Тойбай (Алматы) және Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау облысы)

Сондай-ақ, бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпиондары белгілі болды.

Иорданияда олимпиада жолдамасы үшін өткен турнирде Қазақстаннан жалғыз жолдаманы ұтып алған қостанайлық Надежда Рябец 75 кг салмақта Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, елордалық Марина Вольновамен қолғап түйістірді.

Рингке бес жылғы үзілістен кейін қайта оралған Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері М.Вольнова 31-де болса, қарсыласы одан бақандай 11 жасқа кіші еді.

Бұл бәсекеде төрешілер жеңісті бірауыздан Н.Рябецке берді.

Шымкенттік Фариза Шолтай мен қарағандылық Виолетта Князева 81 кг салмақта чемпиондық атақты сарапқа салды. Мұнда Ф.Шолтай қазылардың бірауыздан шешімімен жеңімпаз атанды.

Аса ауыр салмақта (81 кг жоғары) елордалық, 2016 жылғы әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева мен тағы бір шымкенттік Дина Исламбекова шаршы алаңға шықты. Ләззат 32-ге толса, 20 жастағы Дина жастар арасында әлем біріншілігінде топ жарған болатын. Л.Күнгейбаева 4:1 есебімен кезекті рет ел чемпионы атанды.

 Әйелдер арасында:

48 келі:

1 орын. Алуа Балқыбекова (Жамбыл облысы);

2 орын. Арайлым Марат (Нұр-Сұлтан);

3 орын. Роксана Гасымова (Жамбыл облысы) және Жазира Орақбаева (Алматы).

51 келі:

1 орын. Назым Қызайбай (Алматы);

2 орын. Анджелина Лукас (Шымкент);

3 орын. Жайна Шекербекова (Шымкент) және Жансая Абдраимова (Жамбыл облысы).

54 келі:

1 орын. Дина Жоламан (Ақмола облысы);

2 орын. Балауса Муздиман (Алматы облысы);

3 орын. Дәметкен Келімбет (Қызылорда облысы) және Әйгерім Ошақбай (Жамбыл облысы).

57 келі:

1 орын. Владислав Кухта (Қостанай облысы);

2 орын. Айжан Ходжабекова (Қарағанды ​​облысы);

3 орын. Назым Ишанова (Атырау облысы) және Сәния Сұлтанқызы (Нұр-Сұлтан).

60 келі:

1 орын. Римма Волосенко (Нұр-Сұлтан);

2 орын. Карина Ибрагимова (Ақмола облысы);

3 орын. Адина Қалдыбай (Жамбыл облысы) және Айдана Забынбекова (Ақтөбе облысы).

64 келі:

1 орын. Милана Сафронова (Қарағанды ​​облысы);

2 орын. Лаура Есенгелді (Шымкент);

3 орын. Жанна Серікова (Қостанай облысы) және Жансая Балтабекова (Ақмола облысы).

69 келі:

1 орын. Валентина Хальзова (Нұр-Сұлтан);

2 орын. Дариға Шәкімова (Алматы);

3 орын. Жасмин Кизатова (Қарағанды ​​облысы) және Балжан Асқар (Жамбыл облысы).

75 келі:

1 орын. Надежда Рябец (Қостанай облысы);

2 орын. Марина Вольнова (Нұр-Сұлтан);

3 орын. Арайлым Бегділда (Жамбыл облысы) және Әсем Сұлтанова (Алматы).

81 келі:

1 орын. Фариза Шолтай (Шымкент);

2 орын. Виолетта Князева (Қарағанды ​​облысы);

3 орын. Элдана Талипова (Алматы) және Гүлсая Ержан (Қызылорда облысы).

81 келіден жоғары:

1 орын. Ләззат Күнгейбаева (Нұр-Сұлтан);

2 орын. Дина Исламбекова (Шымкент);

3 орын. Альбина Вахитова (Солтүстік Қазақстан облысы) және Валерия Аксенова (Ақмола облысы).

Осылайша әйелдер арасында барлық жеңімпаздар белгілі болды.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN