Аңыздар шайқасы: Майк Тайсон Рой Джонсты жеңе алмады

Аңыздар шайқасы: Майк Тайсон Рой Джонсты жеңе алмады
Фото: ria.ru

АҚШ-та бокс аңыздары – бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, 54 жастағы Майк Тайсон және 4 салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Рой Джонс жекпе-жек өткізді. Көптен күткен шайқас тең аяқталды.

"Аңыздар шайқасы" деп аталған жекпе-жек Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында өтті. WBC бұл жекпе-жектің жеңімпазы үшін жаңа арнайы Frontline Battle Heavyweight белбеуін дайындап қойған еді.

Боксшылардың жасын ескере отырып, 2 минуттық 8 раундтан тұратын жекпе-жек ұйымдастырылды. Екі боксшы да жекпе-жек үшін 10 миллион доллар алады.

Боксшылар жекпе-жектің бірінші раундынан бастап бір-бірімен соққыларын алмастыра бастады, бірақ олардың ешқайсысы екіншісіне накаут ететін ауыр соққы бере алмады. Екінші раундтан бастап боксшылар клинчке кіре берді.

Уақыт өткен сайын боксшылар шаршай бастады. "Темір" Майк анда-санда жылдам шабуылдар жасауға тырысты.

Соңында екі боксшы да көңілі толмаған төрешілер тең нәтиже жариялады.

Айта кетейік, 54 жастағы Тайсон үшін бұл карьерасындағы 59-шы жекпе-жек болды. Бұған дейін "Темір" Майк 58 ресми жекпе-жек өткізіп, оның 50-інде жеңіске жеткен. Тайсон сол кезде абсолютті әлем чемпионы, WBC, WBA, IBF, The Ring нұсқалары бойынша бірнеше дүркін әлем чемпионы болған. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін 2005 жылы маусымда Кевин Макбрайдқа қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді.

Ал, 51 жастағы Джонс осы уақытқа дейін 75 жекпе-жек өткізіп, 66-ында жеңіп, тоғызында жеңілген. Ол әлемде 4 салмақ – орта, супер орта, ауыр және аса ауыр салмақ бойынша чемпион атанған. Джонс мансабын 2018 жылы отандасы Скотт Сигмонды жеңуімен аяқтады.

Т. Раушанұлы