Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті

Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті

Кәсіпқой бокста қазақ елінің абыройын асырып жүрген спортшы Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титуылдық жекпе-жегін өткізді.

Голливудтағы (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында Matchroom Boxing ұйымдастырған бокс кешінде Данияр Елеусінов IBF Inter-Continental титулы үшін намибиялық боксшы Джулиус Индонгомен жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы кездесу он раундқа есептелген.

Дегенмен жекпе-жек бар болғаны екінші раундта аяқталды. Данияр Елеусінов қарсыласын кездесу бастала салысымен нокдаунға түсіріп үлгерген, ал екінші раундта қарсыласын тағы бір мәрте сұлатып салды. Намибиялық боксшы екінші жойқын соққыдан кейін өз-өзіне келе алмады. Төреші кездесуді тоқтатты.

Осылайша Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізіп, IBF Inter-Continental белбеуін жеңіп алды.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар