Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Қазақстан гимназиадасы өтіп жатыр

21 қараша басталған Қазақстанның X гимназиадасы қазақ ақыны, композитор, ағартушы және ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналады. 

Жарыс қалалар мен өңірлердегі мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында өтуде. Оқушылардан бөлек, қатысуға ниет білдірген ата-аналар жүгіруге тіркеуден өте алады. Гимназиадада ата-аналар балаларына қолдау көрсетіп, топтасып, олармен қашықтықты жүгіруіне болады. Балалармен бірге 1 шақырымды еңсере отырып, ата-аналар да жарыс хаттамаларында белгіленеді. 

Гимназиада 30 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 6-да аяқталады. Жарыс бағдарламасына сәйкес қатысушы 9 күнде (21 қарашада басталған) 3 мәрте 1 шақырым қашықта жүгіруі тиіс. 

Жүлделі орындарға ие болған спортшылар Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің медальдары және дипломдарымен марапатталады. Жарысқа қатысушыға ниет білдірген кез келген адам мына сілтеме бойынша тіркеле алады.

Бөлісу: