Садриддин Ахмедов жыл соңында жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) кәсіпқой мансабындағы он екінші жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы RDS.ca басылымы хабарлады.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы мен WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері келесі жекпе-жегін 18 не 19 желтоқсан күні өткізеді. Әзірге жекпе-жектің өтетін орны мен қарсыласы белгісіз.

2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан Садриддин Ахмедов 11 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Ал он қарсыласын уақытынан бұрын сұлатып түсірген. Соңғы жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Канадада аргентиналық  Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жеңді.

Бөлісу: