Дмитрий Рейхерд – FIS Open додасының қола жүлдегері

Қазақстандық могулшы Дмитрий Рейхерд халықаралық доданың жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Olympic.kz.

Швецияның Идре аймағында фристайл-могулдан FIS Open додасы өтіп жатыр. Аталған сында отандасымыз Дмитрий Рейхерд үшінші орын алды.

Франциялық Сюзе Мартин ерлер арасында көш бастаса, оның командаласы Кавэ Бенжамен күміспен күптелді. 

Айта кетерлігі, әйелдер арасында сынға түскен қазақстандық Анастасия Городко 5-ші, Олеся Граур 16-шы орыннан көрінді. Сондай-ақ, ерлер арасында Павел Колмаков 13-ші орынға жайғасты. 

Бөлісу: