"Astana Pro Team" велокомандасы атауын өзгертеді

Велоспорттан Қазақстанның "Astana Pro Team" командасы келер жылдан бастап атауын өзгертеді. Бұл туралы "Самрұқ-Қазына" баспасөз қызметі хабарлады.

Келер жылдан бастап "Astana-Premier Tech" деп аталады. Өйткені Канаданың "Premier Tech" компаниясы "Astana Pro Team" кәсіби велоклубының жаңа бірлескен иесі атанды.

Осылайша, бұған дейін велоклубтың бас демеушісі болған "Самрұқ-Қазына" қаржыландыруын 50%-ға қысқартады. Болашақта "Astana-Premier Tech" клубы өзін-өзі қаржыландыратындай межеге жетуді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен ұстаудың орынсыз екенін атап өткен болатын.