Ұлттар лигасы. Қазақстан түзде Албаниядан жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы турнирінің аясында түзде Албаниямен матч өткізіп жатыр. Бірінші таймда екі команда үш гол соқты.

Матчтағы есепті алаң қожайындары 16-шы минутта ашқан. Арада 10 минут өтпей Албания ойыншылары есепті еселей түсті. Допты ортадан ойынға қосқан Қазақстан құрамасы бірден дөп соққымен жауап қатты. Албания қақпашысы Айбол Әбікеннің алаңның қақ ортасынан соққы жасайтынын күтпесе керек, алыстан әуелеп келген допты ұстай алмады.

Екінші таймда алаң иелері ойын бойынша да, есеп те де басымдылық танытты. Марочкиннің айып алаңының ішінідегі қателігінен кейін пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Әрі есепті 3:1-ге жеткізді. Осыдан кейін жылым есеп айырмасын қысқартатын мүмкіндік Ғафуржан Сүйімбаевта болған. Бірақ каптиан бос қақпаны дұрыс көздей алған жоқ.

Осы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы бес ойыннан 4 ұпай жинап, топта соңғы орында қала берді. Ал Албания құрамасының еншісінде 8 ұпай бар. Біздің құрама енді үш күннен кейін Алматыда Литвамен кездеседі. 

Ұлттар лигасы. 5 тур

Албания – Қазақстан 3:1

Голдар: Чикаллеши, Исмаили - Әбікен

Албания құрамы: Бериша, Весели, Исмайли, Джимшити, Хусай, Абраши, Калаку, Мемушай, Чикалеши, Вауни, Манай;

Қазақстан құрамы: Покатилов, Алип, Керимжанов, Марочкин, Вороговский, Сүйімбаев, Әбікен, Қуат, Бейсебеков, Щеткин, Айымбетов.