Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Фото ©️ vesti.kz

Орта салмақта WBO Global титулына ие қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) осы дивизионда WBC тұжырымынша әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарлоны (31-0, 22 КО) жекпе-жекке шақырды.

БӨЛІСУ

Айта кетейік, осы уақытқа дейін қазақстандық боксшылардан төртеуі ғана әлем чемпионы бола алды - Геннадий Головкин, Бейбіт Шүменов, Василий Жиров және Жанат Жақиянов. GGG - қазір де белбеуі бар боксшы. Головкин салмағында жұдырықтасатын Жәнібек келесі жылы әлем чемпиондары қатарына кірмек ниетте. 

"WBC рейтингінде алтыншы. Дайын бол, Чарло, 2021 жылы жұдырықтасамыз", - деп жазыпты әлімханұлы твиттер желісінде. "2021 жылы мен әлем чемпионы боламын", - деп атап өтті боксшы.