UFC президенті: Ішкі түйсігім Хабибтің октагонға оралатынын айтады

UFC ұйымының президенті Дэйна Уайт мансабын аяқтаған ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовтің сегізбұрышқа оралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Хабиб жекпе-жектен соң толқып тұрды. Ол айқасқа дейін саусағын сындырып алды. Дегенмен жекпе-жекті өткізу туралы ұсынысты қабыл алды. Әкесі қайтқан соң жекпе-жек оған ауыр әсер еткен болу керек. Жүз пайызға сеніммен оны оралады дей алмаймын, бірақ түйіткілім осылай дейді", – деді Дэйна Уайт.

Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов (28-0) америкалық файтер Джастин Гэтжимен (22-2) кездесіп, екінші раундта жеңді. Хабиб бұл жолы қарсыласына ұшбұрыш, басқалай айтқанда, тұншықтыру әдісін қолданды. Жекпе-жек соңынан спорттағы мансабын аяқтайтынын ашып айтты.

Хабиб Нурмагомедов бұл жекпе-жекке жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін бәске тікті. Хабиб соңғы кездесуін 2019 жылы 7 қыркүйекте UFC 242 турнирінде өткізген. Дастин Порьемен (26-6-1) жекпе-жекке шығып, тұншықтыру әдісін қолдану арқылы жеңіп, чемпиондығын қорғап қалған еді. Бұл жолы да чемпиондығын қорғап, жеңісті сериясын 29-ға дейін жеткізді. Чемпион бұл әдісін UFC-де бірінші рет қолданды.

Айта кеткен жөн, бұл турнирде қазақстандық Шавкат Рахмонов дебюттік кездесу өткізіп, қарсыласы Алекс Оливейраны (28-8-1-2) жеңген болатын. Сондай-ақ осы турнирде тағы бір қазақстандық өнер көрсетуі тиіс еді. Бірақ қарсыласы Омар Нурмагомедов (12-0) ауруханаға түсіп, Сергей Морозовқа (16-4) жаңа қарсылас табылмай қалды.