Эль-Класикода "Реал" жеңіске жетті

Футболдан Испания ла лигасының VII турында "Реал" "Барселонаны" сырт алаңда ұтып, турнир кестесінде көш басына шықты. "Камп Ноуда" өткен ойында мадридтік клуб 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойында бірінші болып "Реал" гол соқты. "Корольдік клубтың" уругвайлық жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде командасын алға шығарды. Араға 3 минут сала алаң иелері сапынан Ансу Фати есепті теңестірді.

83 минутта "Реал" капитаны Серхио Рамос пенальтиді сәтті орындады. Ал қосымша уақытта Лука Модрич мадридтік командаға айқын жеңіс сыйлаған голды соқты.

Өз алаңында "Реалдан" ұтылған "Барселона" 7 ұпаймен 10-орынға жайғасты.

"Барселона" - "Реал Мадрид" - 1:3 (1:1)

Гол соққандар: 0:1 - 5 Вальверде, 1:1 - 8 Фати, 1:2 - 63 Рамос (пенальти), 90 Модрич.