Бокста жаңа салмақ дәрежесі пайда болады

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) суперкрузер деген жаңа салмақ дәрежесін енгізетінін хабарлады. Жаңа салмақ ауыр және аса ауыр салмақ санаттарының ортасында болады.

WBC-ге қарашадан бастап енгізілетін бұл салмақтың шегі 86,2-101,6 келі арасында шектеледі. Ал аса ауыр санатта салмағы 101 келіден жоғары боксшылар сынға түседі.

WBC-де жаңа салмақ дәрежесін енгізу бірнеше айдан бері талқыланып келеді. WBC президенті Маурисио Сулейман бокс ұйымы түзетулерге дауыс бергенін айтты

Жаңа салмақ дәрежесі бойынша алғаш болып 90,7 келі және одан жоғары салмақта рингке шығып жүрген Александр Усик жекпе-жек өткізуі мүмкін.