Ұлттар лигасы. Қазақстан көш соңында қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 4-турында Беларусь құрамасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіліс тапты. Минсктегі кездесуден кейін С лигасының 4-тобында Қазақстан көш соңына сырғыды.

Матч бастала салысымен алаң қожайындары шабуылға ден қойды. Ойынның 36-шы минутында Яблонский Қазақстан қақпасына гол соғып, есепті ашқан. Қазақстан ойыншылары таразы басын теңестіруге тырысқанымен матчтың соңына дейін қарсылас қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Тек ойынның соңында Юзепчук есепті еселеп кетті.

Еске салайық, Қазақстан құрамасын осыған дейін Литва құрамасын қонақта 0:2 есебімен жеңіп, Беларусь құрамасынан 1:2 есебімен жеңілген еді. Ал Алматыда өткен матчта Албания құрамасымен тең түскен-ді. 

Ұлттар лигасы. С лигасы. 4-топ

Беларусь – Қазақстан 2:0 (1:0)

Голдар: Яблонский 36 (1:0), Юзепчук 90+3 (2:0

Беларусь: Гутор, Поляков, Наумов, Сачивко, Печенин, Юзепчук, Маевский, Яблонский, Стасевич, Лисакович, Скавыш;

Қазақстан: Покатилов, Досмағамбетов, Ерланов, Малый, Керімжанов, Быстров, Тағыберген, Әбікен, Зайнутдинов, Васильев, Айымбетов.

15.10.2020, Беларусь, Минск қаласы