Роналду коронавирус жұқтырды

Роналду коронавирус жұқтырды
Фото: eurosport.com ©

Танымал футболшы Криштиану Роналду коронавирус дертін жұқтырды. Бұл туралы Португалия футбол федерациясы хабарлады.

Осыған дейін Роналду ойнайтын "Ювентус" футболшыларының бірнешеуі ауырған болатын. Қазіргі таңда ойыншы өзгелерден оқшауланған. Симптомсыз коронавирус анықталған.

Футболшы дертіне байланысты Ұлттар лигасы аясындағы Португалияның Швецияға қарсы ойынына қатыспайды.

 

Н. Үсенова