"Қайдасыңдар?". Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарды рингке шақырды

"Қайдасыңдар?". Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарды рингке шақырды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне жеткен соң мәлімдеме жасады. 

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы аргентиналық Гонсало Кориа болды. Жәнібек жекпе-жекті белсенді бастады. Қарсылас қарсы шабуылда әрекет етуді жөн көрді. Екінші раундта Жәнібек қарсыласына ізбе-із жойқын соққыларын бағыттап, нокаутқа жіберді.

"Қайдасыңдар, чемпиондар? Мен сендерді нокаутқа түсіргім келеді", - деп жазды боксшы Twitter-парақшасында. Ал жекпе-жектен соң Тop Rank ресми парақшасы былай деп жазды: "Дәл осылай өзіңді орта салмақта әлемге танытасың. Әлімханұлы – күш".

А. Рысдәулет