Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)

Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Мәскеуде өтіп жатқан Fight Nights Global 98 турнирінде қарсыласы Ахмад-Хан Бобковты бірінші раундта-ақ қылқындыру әдісімен жеңді. 

Жекпе-жек бар болғаны бірер минутқа ғана созылды. Қарсыласының арқасына өтіп, қылқындыру әдісін жасаған қазақстандық спортшыға Ахмад-хан қарсылық таныта алған жоқ.

Жекпе-жек соңынан Қуат Хамитов жеңісін Олимпиада чемпионы, марқұм Жақсылық Үшкемпіровке арнайтынын айтты. 

- Барша жанкүйерлеріме, барша қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Бүгінгі үлкен жеңісімді ағам, марқұм Жақсылық Үшкемпіровке арнаймын. Сізден болашақ жастар үлгі алады. Жақсылық аға, біз сізді ұмытпаймыз!, - деді. 

Сондай-ақ 39 жастағы ресейлік спортшы Вячеслав Дацикті жекпе-жекке шақырды. "Дацик, қайдасың? Кел, супер жекпе-жек ұйымдастырайық! 160, 170, 250 салмақта, қайсысы болса да маңызды емес. Мен дайынмын!" - деп Fight Nights Global президенті Камил Гаджиевке ұйымдастыруды да естіртті. 

Айта кетейік, бастапқыда Қуат "Найман" Хамитов ресейлік Олег Косиновпен (7-5) кездесуі керек болған. Алайда жекпе-жекке бір күн қалғанда қарсыласы ауысқан еді. Ахмад-Хан Боков мансабында бесінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қытайдың ірі смартфон өндірушілері
Қытайдың ірі смартфон өндірушілері
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"
Жылқы жүрісінің түрлері
Жылқы жүрісінің түрлері
Пәтер сатып аларда ескеретін жайттар
Пәтер сатып аларда ескеретін жайттар
Алматыда журналистер аллеясы ашылды
Алматыда журналистер аллеясы ашылды
Әмиянға салуға болмайтын 7 зат
Әмиянға салуға болмайтын 7 зат