"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді

2020 жылғы 18 қазанда "Алматы жартылай марафоны" алғаш рет Virtual Half Marathon атты онлайн форматта өтетін болады.

"Алматы марафоны" алғаш рет 2018 жылы басталған болатын. 2020 жылы іс-шараларды өткізуге тыйым салынған соң жүгіру онлайн форматқа ауыстырылды. Қазақстанның барлық өңірлерінен спортшылар қатыса алады.

Қашықтықтар:

21 км (жартылай марафон),

үш адамнан құралған командалар үшін 21 км-лік эстафета.

Биыл жүгірушілерге арналған эстафетаның ерекше форматын дайындап қойдық. Түрлі қалалардан 3 адам қатыса алады, — деп түсіндіреді Әсел Серғазина, Virtual Half Marathon жобасының менеджері. "Қазақстанның жүгірушілер қоғамдастығын біріктіріп, кеңейтуді және түрлі қалалардың адамдары бір-бірін тануына, бірге жаттығуына және старттарға қатысуына (тіпті виртуалды түрде) үлес қосуды қалаймыз. Әрбір қатысушы түрлі қаланың абыройын қорғайтын командалар үш жүлделі орынға жайғасу үшін бақ сынасады" - деді.

Қатысу үшін almaty-marathon.kz сайтында тіркеліп, тіркелу жарнасын төлеу керек. Қатысу құны – 4 000 KZT.

Кез келген қалада, қалаған жерде жүгіре беруге болады. Әрбір қатысушы финишер медалін алады.

Ұйымдастырушылар қатысушыларға ыңғайлы болатын бағдарды ұсына алғанымен, сайып келгенде, қайда жүгіру керектігі туралы шешімді спортшылар өздері қабылдайды. Әрбір қатысушыда қолсағат немесе километражды санайтын трекері бар смартфон қолданбасы болуы тиіс. Қатысушы, ерлер мен әйелдер арасында көшбасшылар үштігін анықтау үшін нәтижелерді сайтқа жүктейді.

Жарысты ұйымдастырушылар қатарында "Бірінші болу — батылдық" корпоративтік қоры, "World Class Almaty" фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық #СеніңЖаңаҚырың Youtube-арнасы бар.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Команың қандай түрлері бар?
Команың қандай түрлері бар?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?