Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді

Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Фото: vesti.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Артем Резников (21-6) Мәскеуде өткен АСА 111 турнирінде жекпе-жек өткізді.

Кештің басты жекпе-жегінің бірінде Артем Резников 70 кило салмаққа дейінгі дәрежеде ресейлік спортшы Юсуф Раисовпен (16-1) кездесті. Үш раундқа жалғасқан айқаста төрешілер жеңісті қазақстандық файтерге берді. 

FNG ұйымының жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Георгий Кичигин тәжікстандық Мамуржон Хамдамов айқын басымдықпен жеңді.

"Сақ" лақапатымен танымал  Асылжан Бақытжанұлы (11-3) ресейлік Алексей Буторинге (16-4) қарсы жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта нокаутпен жеңілді.

Сондай-ақ, Нұрберген Шәріпов (10-2) қарсыласынан айласын асырды. Ол ресейлік Тамерлан Кулаевты (11-2) төрешілердің шешімімен ұтты.

А. Рысдәулет