Футболшылардың қалталысы кім?

Forbes журналы 2020 жылы ең көп табыс тапқан футболшылардың рейтингін жариялады.

Рейтинг басында Аргентина құрамасы мен "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси тұр. Футболшының жылдық табысы – 126 миллион доллар. Оның ішінде 92 миллионы – "Барселонадағы" жалақысы.

Екінші орында "Ювентус" клубының ойыншысы Криштиану Роналду. Португалиялық футболшы биыл 117 миллион доллар табыс тапқан. Ал "Ювентустегі" жалақысы – 70 миллион доллар.

Ең табысты футболшылардың үздік үштігін Неймар түйіндеді. ПСЖ шабуылшысының өткен маусымдағы табысы 96 миллион доллар болған. 

Ең көп табыс тапқан футболшылар:

1. Лионель Месси ("Барселона", 126 миллион доллар)
2. Криштиану Роналду ("Ювентус", 117)
3. Неймар (ПСЖ, 96)
4. Килиан Мбаппе (ПСЖ, 42)
5. Мохамед Салах ("Ливерпуль", 37)
6. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед", 34)
7. Антуан Гризманн ("Барселона", 33)
8. Гарет Бэйл ("Реал", 29)
9. Роберт Левандовски ("Бавария", 28)
10. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед", 27)

Бұған дейін Криштиану Роналду мансабында 1 миллиард доллар табыс тапқан тарихтағы алғашқы футболшы атанған еді. 17 жылда португалиялық футболшы 650 миллион долларды жалақыдан, қалған қаржыны әртүрлі жарнамалық келісімшарттардан тапқан.