Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста жекпе-жекке шығады

Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста жекпе-жекке шығады
Фото: vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды. Отандасымыз 9 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жекпе-жек өткізеді.

Лас-Вегастағы The Bubble аренасында өтетін бокс кешінің бас жекпе-жегінде Эмануэл Наваррете (31-1, 27 КО) мен Рубен Вилья (18-0, 5 КО) жұдырықтасады. Қос боксшы жартылай жеңіл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады. 

BoxRec басылымының мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы аталмыш кеште шаршы алаңға шығады. Алайда әзірге оның қарсыласы кім болатыны белгісіз. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылы күзде өткізіп, 39 жастағы канадалық боксшы Альберт Онолуносты алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

А. Рысдәулет