Қазақстан уысындағы ұпайынан айырылды

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші матчын өткізді. Алматы қаласының орталық стадионында Михал Билектің командасы Беларусь құрамасын қабылдады.

Ұлттар лигасының С тобында Қазақстан құрамасы жеребе қорытындысы бойынша Литва, Албания және Беларусь ұжымдарына қарсылас атанған. Биылғы маусымның шымылдығын ашқан алғашқы ойында Михал Билектің командасы Литваға қонаққа барған болатын.

Матчтағы есепті жақында ғана Мәскеудің ЦСКА-сына ауысқан Бактиер Зайнутдинов ашты. Қапталдан Бауыржан Исламхан әуелетіп көтерген допты жас шабуылшы қақпаға дәл бағыттай білді. Ойын аяқталуына аз қалғанда алаңға тыңнан қосылған Исламбек Қуат есепті еселей түсті. Осылайша, Қазақстан құрамасы 2020 жылдың алғашқы матчында жеңіске жетіп, 3 ұпайды қанжығалады.

Алматыда өткен ойында алаң қожайындары шабуылда белсенді бастады. Алғашқы шабуылда-ақ Қазақстан құрамасының гол соғатын мүмкіндігі болды. Алайда соңғы сәтте Абат Айымбетов соққысы қақпадан сәл қиыс кетті. Бұған Беларусь бірден қауіпті шабуылмен жауап қатты. Алайда Стас Покатилов допты оңай олжалады.

Ойын ортасына дейін қос команданың шабуылы саябырлай түсті. Футболшылар әр адымын аңдып басып, шабуылға шығуға асықпады. Ал ойынның алғашқы бөлігі аяқталғанша қос команданың гол соғатындай мүмкіндігі болмады. Тек бірнеше дәл соққымен алмасып, ал уақыттың қалған бөлігін қорғаныста өткізді.

Екінші таймды екі құрама да белсенді бастады. Алаң қожайындары гол соққан. Абат Айымбетов 49-ші минутта допты қақпа торында тулатқан. Алайда қақпалдағы төреші Қазақстан құрамасының шабуылшы ойыннан тыс қалғанын көрсетіп, голды санамады. 

Беларусь ойыншылары да бірден шабуылға шыққан. Қапталдан келген допты қонақтар ойыншысы Максим Бордачев қақпаға дәл бағыттап, матчтағы есепті ашты.

Абзал Бейсебеков айып алаңының сыртынан күтпеген тұстан соққы жасаған. Беларусь қақпашысы допты сәтсіз тосып, сәл болмағанда қателесе жаздады. Алайда доп қақпашының қолына тиіп, қақпа маңдайшасынан кері серпілді.

Дегенмен 62-ші минутта Қазақстан құрамасы таразы басын теңестірді. Қапталдан шабуылға қосылған Ян Вороговскийдің алыстан жасаған жойқын соққы қақпашы дәл алдына тосқан, ал айып алаңында мүмкіндігін күтіп жүрген Абат Айымбетов допқа бірінші жетіп, гол соқты. Бұл оның Қазақстан құрамасының сапындағы алғашқы голы болды. 

Алайда матч соңында Беларусь құрамасы күтпеген тұста гол соғып кетті. Ғафуржан Сүйімбаевтің өрескел қателігінен соң қонақтар есепте алға шықты. Беларусь құрамасының шабуылшысы қақпада тұрған Стас Покатиловпен жеке дара шығып, айласын асырып кетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қолда тұрған ұпайдан айырылып, жеңісті қонақтарға сыйлады. 

Ұлттар лигасы. С тобы

Қазақстан – Беларусь 1:2 (0:0)

Голдар: Бордачев 53' (0:1), Айымбетов 62' (1:1), Лисакович 86' (1:2)

Қазақстан: Стас Покатилов (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Ян Вороговский – Абзал Бейсебеков, Айбол Әбікен, Максим Федин, Бауыржан Исламхан (К) – Абат Айымбетов;

Қосалқы құрам: Дмитрий Непогодов (қ), Данил Устименко (қ) – Темірлан Ерланов, Тимур Досмағамбетов, Марат Быстров, Олжас Керімжанов – Думан Нәрзілдаев, Юрий Перцух, Исламбек Қуат, Бактиер Зайнутдинов – Сергей Хижниченко;

Беларусь: Александр Гутор (қ) – Николай Золотов, Александр Мартынович (К), Никита Наумов, Максим Бордачев – Павел Нехайчик, Евгений Яблонский, Макс Эбонг, Игорь Стасевич, Станислав Драгун – Максим Скавыш;

Қосалқы құрам: Егор Хаткевич (қ), Сергей Игнатович (қ) – Александр Сачивко, Максим Швецов – Иван Бахар, Александр Селява, Роман Юзепчук, Алексей Легчилин, Дмитрий Подстрелов, Андрей Хачатурян, Юрий Ковалев – Виталий Лисакович;

07.09.2020, Қазақстан, Алматы, Орталық стадион