Қазақстандық файтер UFC-де Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жұдырықтасады

Қазақстандық файтер UFC-де Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жұдырықтасады
Фото: vesti.kz

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) UFC дебютін 24 қазанда өткізеді. Оның алғашқы қарсыласы да белгілі болды.

Сергей Морозов дебютті жекпе-жегінде UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасады. Бұл туралы ұйымдың Ресейдегі өкілдігі ресми хабарлады.

Қазақстандық файтердің жекпе-жегі UFC 254 алаңында өтеді, оның басты додасында UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық спортшы Дастин Гэтжимен кездеседі. Турнир Абу-Дабидегі (БАӘ) Сарбаздар аралында өтеді.

А. Рысдәулет