"Астананың" шабандозы Италиядағы жарыста топ жарды

"Астананың" шабандозы Италиядағы жарыста топ жарды
Фото: cyclingnews.com

Қазақстандық "Астана" велкомандасының шабандозы Фабио Феллине Италияда өткен "Марко Пантани" мемориалы біркүндік жарысында жеңіске жетті.

Он жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан "Марко Пантани" мемориалы Италияның Кастрокаро Терме қалашығында басталып, Чезенатикода аяқталды. Шабандоздар 199 шақырымды басып өтті. 

Мәреге 5 сағат 5 минутта жеткен "Астана" велкомандасының шабандозы Фабио Феллине жеңіске жетті. Оның артынша мәре сызығын INEOS Grenadier командасының өкілі Итан Хейтер кесті. Үштікті UAE-Team Emirates шабандозы Александр Рябушенко түйіндеді.

"Марко Пантани" мемориалы

1. Фабио Феллине ("Астана") - 5:05:25

2. Итан Хейтер (INEOS Grenadier)

3. Александр Рябушенко (UAE-Team Emirates)

А. Рысдәулет