Қазақстандық футболшы Мәскеудің ЦСКА клубына ауысты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Ресейдің ЦСКА командасының сапына қосылды. Бұл туралы клуб ресми хабарлады.

22 жастағы футболшы мәскеулік командада медициналық тексерістен сәтті өтіп, 2024/25 маусымның соңына дейін келісімшартқа отырды. 

Өткен маусымды Бахтиер Зайнутдинов "Ростов" командасының сапында өткізген. 35 матчқа қатысып, төрт гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанды.

Бахтиер Зайнутдинов - Жамбыл футбол мектебінің түлегі. 2014-2016 жылдар аралығында "Тараздың" жастар құрамында ойнаған. Ел премьер-лигасына 2017 жылдың наурыз айынан бастап қатыса бастады. "Тараз" сапында 27 ойынға қатысып, 7 гол соқты.

Футболшы 2018 жылы "Астанаға" ауысты. Елордалық клуб сапында ел чемпионы атанды. 27 ойында 5 гол соқты. Ұлттық құрамаға шақырту алып, Ұлттар лигасында 6 ойынға шықты, 1 гол соқты.