Ресми: Футболдан ел чемпионаты 18 тамызда қайта жанданады

Ресми: Футболдан ел чемпионаты 18 тамызда қайта жанданады
Фото: "Қайрат" ФК

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев футболдан Қазақстан Чемпионаты өтетін "Алматы-Талғар" локациясындағы футбол нысындарын тексерді.

Шара барысында футбол ойындары өтетін стадиондардың санитарлық-эпидемиялық талаптарға сейкестігі анықталды.  Сонымен қатар отандық клубтардың жарыс уақытында тұратын Алматы қаласындағы бірнеше қонақ үйлер карантин талаптарының сақталуына тексерілді.  

Тексеріс нәтижесінде стадиондар мен аталған қонақ үйлердің санитарлық ережеге түпкілікті сәйкестігі ерекше аталды. Инспекция мүшелері қазіргі уақытта мемлеттік органдармен келіселген Санитарлық протоколдың талаптарын қатаң түрде орындау маңызды екенін айта кетті.

Қорытындылай келе, таңдалған ареналар футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын 18 тамыздан бастап жалғастыруға дайын.

18 және 30 тамыз аралығында  «Алматы-Талғар» локациясында жақын арада өтетін ойындардың кестесі:

Барлық ойындар жанкүйерлерсіз өтеді. Барлық кездесулерді QAZSPORT республикалық спорттық телеарнасының тікелей эфирінде көруге болады.

Қалған ойындардың күнтізбесі кейін жарияланады.

Футболдан Қазақстан Чемпионатының IV-VII тур ойындарының күнтізбесі

Өтетін орны: Алматы және Талғар қалалары

IV тур

18 тамыз (сейсенбі)

Каспий – Қайрат, Талғар ОЖБ, 17:00

Жетісу – Ордабасы, Орталық стадион, 19:00

Тараз – Қызыл-Жар СК, Жас Қыран стадионы, 21:00

19 тамыз (сәрсенбі)

Шахтер – Қайсар, стадион им Т. Сегизбаева, 18:00

V тур

21 тамыз (жұма)

Ордабасы – Каспий, Т.Сегізбаев атындағы стадион, 17:00

Қайрат – Тобыл, Орталық стадион, 19:00

22 тамыз (сенбі)

Астана – Оқжетпес, Талғар ОЖБ, 16:00

Қайсар – Жетісу, Т.Сегізбаев атындағы стадион, 18:00

Қызыл-Жар СК – Шахтер, Жас Қыран стадионы, 20:00

IV тур ойыны

25 тамыз (сейсенбі)

Тобыл – Астана, Талғар ОЖБ, 17:00 *Егер Астана ФК 2020/2021 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіне қатысатын болса, кездесу кейінге ауыстырылады

VI тур

26 тамыз (сәрсенбі)

Тараз – Оқжетпес, Т.Сегізбаев атындағы стадион, 18:00

Каспий – Қайсар, Жас Қыран стадионы, 20:00

27 тамыз (бейсенбі)

Жетісу – Қызыл-Жар СК, Талғар ОЖБ, 16:00

VII тур

29 тамыз (сенбі)

Қайсар – Тобыл, Орталық стадион, 18:00

Оқжетпес – Шахтер, Жас Қыран стадионы, 20:00

30 тамыз (воскресенье)

Ордабасы – Қайрат, Талғар ОЖБ, 16:00

Астана – Тараз, Т.Сегізбаев атындағы стадион, 18:00

Қызыл-Жар СК – Каспий, Жас Қыран стадионы, 20:00

Белгісіз мерзімге шегерілген ойындар:

Тобыл – Астана, IV тур ойыны *Егер Астана ФК 2020/2021 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіне қатысатын болса, кездесу кейінге ауыстырылады

Қайрат – Астана,  VI тур ойыны

Тобыл – Ордабасы, VI тур ойыны

А. Рысдәулет