Екі салмақ дәрежесіндегі UFC-дің экс-чемпионы Конор МакГрегор сүйіктісі Ди Девлинге үйлену туралы ұсыныс жасады.
Маңызды қадам қызының туған күніне орай жасалған, бұл туралы ирландиялық UFC жұлдызы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. МакГрегор сүйіктісімен түскен суретін жариялады, онда сақинаны көруге болады.
What a birthday, my future wife !
Публикация от Conor McGregor Official (@thenotoriousmma)8 Авг 2020 в 7:43 PDT
Айта кетейік, Конор МакГрегор мен Ди Девлин 2008 жылдан бері қарым-қатынаста, екі балалары бар - ұлы Конор Джек пен қызы Кроя.